Олжас Бектенов Бакуге ресми сапармен барды

Олжас Бектенов Бакуге ресми сапармен барды

Қазақстан мен Әзербайжан Каспий түбі арқылы талшықты-оптикалық желі салады. Ол осы аймақтағы барлық мемлекетке сапалы интернет таратуға мүмкіндік береді. Бұл туралы келісім Премьер-министр Олжас Бектеновтың Бакуге сапары кезінде жасалды. Үкімет басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесіп, сауда-экономикалық байланысты күшейту,  көлік-логистика саласын дамыту мәселелерін талқылады. Кездесуде мәдени-гуманитарлық ынтымақты нығайту жайы, білім-ғылым саласындағы бірлескен жобалар да қаралды. Соның ішінде ғылыми басылымдардың ортақ тізімін жасақтау туралы келісім бар. Оған сәйкес, енді ғалымдар өз мақалаларын екі елдің де республикалық басылымдарына жариялай алады.