Қазақстан-Люксембург қарым-қатынасы талқыланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін талқылады. Әсіресе, энергетика, қаржы, цифрлық технология, инновация және басқа да салалардағы өзара тиімді кооперация мәселесіне баса мән берді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден Еуропа Одағы аясындағы серіктестік әлеуетін пайдаланудың, сондай-ақ, Бенилюкс елдерімен ықпалдастықты күшейтудің маңызына да назар аударды.

