Қазақстан-Қытай: 60 келісімге қол қойды
Қазақстан мен Қытай жалпы құны 25 млрд доллар болатын 60 келісімге қол қойды. Тараптар «Орталық Азия - Қытай» екінші индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумында келісімге келді. Құжат аясында елде 15 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұдан бөлек, қос ел инвестицияларды өзара қорғау туралы келісімді жаңартуға бейіл. Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдете түспек.

