Қазақстан мен Руанда 9 келісімге қол қойды
Қазақстаннан
шыққан тауарлар енді Руанда мемлекетінде сатылады. Елімізге ресми іс-сапармен
осы мемлекеттің Президенті Поль Кагаме келіп, Ақордада қабылдауда болды. Африка
құрлығындағы ең қауіпсіз ел саналатын Руанда Қазақстанмен бірқатар салада
әріптестікті орнатуға ниетті. Әлбетте, біз де серіктестікті қалаймыз. Сондықтан
ортақ 9 келісімге қол қойдық. Азық-түлік сатудан бастап, кибер қауіпсіздік,
цифрландыру, білім-ғылым, тіпті ғарыш кеңістігін де иық тіресіп игермекпіз.

