Былтыр Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына 1,4 млрд доллар салды
Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына
былтыр шамамен 1 жарым миллиард доллар қаржы салған. Бұл туралы президент
қабылдауында банктің басқарма төрағасы Николай Подгузов айтты. Ол халықаралық
қаржы институтының жұмыс нәтижесі мен алдағы жоспары жөнінде баяндады.
2022-2026 жылдарға арналған стратегия аясында аталған банк елімізге 3 миллиард
800 миилион доллар инвестиция құюды жоспарлаған. Бұл меже мерзімінен бұрын
орындалған. Бұдан бөлек Еуразиялық даму банкі еліміздегі бірқатар жобаға 1
миллиард доллардан астам инвестиция салуды көздеп отыр. Олар негізінен
энергетикалық нысандарды жаңғыртуға, жаңартылатын энергия көздерін, көлік және
логистика салаларын дамыту бағыттарына, цифрлық технологияларға қатысты.
Мемлекет басшысы банктің Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары
бағалап, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.

