Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінде жұмыс сапарымен жүр

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінде жұмыс сапарымен жүр

Президент мұнда Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен келді. Ресми сапар Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барудан басталды. Қазақстан Президентінің келуіне орай оған ерекше құрмет ретінде Пайғамбар жерленген киелі орынның есігі ашылды. Бүгін  Қасым-Жомарт Тоқаев Жидда қаласында өтетін «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысады.