Президент Мәскеуде Қызыл алаңдағы парадқа қатысты
Президент Мәскеуде өткен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына
арналған әскери парадқа қатысты. Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті
Владимир Путин Кремльде қарсы алды. Бұдан соң Мемлекеттер басшылары Қызыл
алаңға беттеді. Шеруде Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздары жүріп өтті. Атап
айтқанда, Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау
әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты. Салтанатпен сап түзеген
қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді. Президент
оларға құрмет көрсетті. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев белгісіз жауынгердің
бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

