ҚР СІМ басшысы ҰҚШҰ бас хатшысымен кездесті

ҚР СІМ басшысы ҰҚШҰ бас хатшысымен кездесті

Астанада Қазақстанның Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті. Тараптар Қазақстанның бұл  халықаралық ұйымға төрағалығы шеңберінде елімізде биыл жоспарланған іс-шаралар жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің алдағы отырысының бірқатар ұйымдастыру мәселелерін қарастыруға ерекше назар аударылды. 

 

Кездесу барысында Ұйым аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, соның ішінде саяси өзара іс-қимылды дамыту, қауіп-қатерлерге қарсы тұру мәселелері талқыланды. 

 

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталмыш ұйымға төрағалық ету Қазақстанға өткен болатын.