Үкіметте Жамбыл облысындағы инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар талқыланды

Үкіметте Жамбыл облысындағы инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар талқыланды

Қырғыз тарапымен бірлесіп 2024 жылғы вегетациялық кезеңді өткізу алгоритмін әзірлеу. Премьер-Министр бүгін Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелеріне арналған кеңесте осындай міндеттер қойды. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында осындай міндеттерді орындауды тапсырды. Үкімет басшысы аймақтағы бірқатар инфроқұрылымдық және әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Оған су шаруашылығы, ирригациялық және дренаждық жүйелер жөндеу бойынша атқарылған күрделі жұмыстар туралы есеп берілді. Сондай-ақ жиында Тараз қаласында жаңа мектептер салу, көпсалалы аурухана мен перинаталдық орталықтың құрылысы, орталық ауруханаларды  жаңғырту және бірқатар медициналық нысандар ашу шаралары талқыланды. Министрлер кабинетінің басшысы жергілікті билік органдарына барлық басым жобалар бойынша тиісті құжаттама мен бюджеттік өтінімдерді әзірлеуді жеделдетуді тапсырды.