Президент ТМҰ бейресми саммитіне қатысады

Президент ТМҰ бейресми саммитіне қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 20-21 мамыр күндері Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Мажарстанға барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады. Ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Әзербайжан мүше. Ал Мажарстан бақылаушы мемлекет. Айта кетейік, бірінші бейресми саммит 2018 жылы Қырғызстанда өтті. 2021 жылы пандемияға байланысты бейнебайланыс арқылы ұйымдастырылды. Сол жылы Стамбулда өткен бейресми Саммитте Түркі кеңесі атауы Түркі мемлекеттер ұйымы деп өзгертілді. Былтыр ұйымға мүше мемлекеттер Әзірбайжанның Шуша қаласында бас қосты.