Президент: Жаһандық ахуалға мейлінше бейімделіп жұмыс істеуіміз керек

Президент: Жаһандық ахуалға мейлінше бейімделіп жұмыс істеуіміз керек

Президент Шымкент халқының алдында сөйлеген сөзінде әлемдегі ахуалға да тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық сауда соғысының өршуі салдарынан дүние жүзінде күрделі ахуал қалыптасқанын атап өтті. Содан соң АҚШ президентінің аталған қақтығысқа қатысы бар елдердің ұстанымдарын нақтылап,  келіссөз бастау үшін 90 күн мораторий жариялау туралы шешімін құптаймыз деді. Мемлекет басшысы жаһандық ахуалға мейлінше бейімделіп жұмыс істеу, яғни, әр қадамды мұқият ойластырып, салмақты шешімдер қабылдау арқылы Қазақстан экономикасын түрлі сын-қатерден сақтап қалу маңызды екеніне тоқталды.