Республикалық бюджеттің шығыны неге көп?
Республикалық бюджеттің кірісі азайып, шығыны артты. Бүгін Мәжілісте мемлекет қаражатының жұмсалуы мен игерілуі талқыланды. Жоғарғы аудиторлық палатаның есебі бойынша, бастапқыда бекітілген кірістер жоспары 2 трлн теңгеге төмендетілген. Бірақ соның өзінде бюджетке 609 млрд теңге түспеген. Оның негізгі себептері қандай?
Бюджеттің табысы шығысының 45 пайызын ғана жауып отыр.
Қазына кірісінің классикалық үлгісі - салық түсімдері. Алайда салықтық
тексерулер санының артқанына қарамастан, өндіріп алу проценті екі еседен астам
төмендеген. Нәтижесінде былтыр салық жинау көлемі 2023 жылмен салыстырғанда
4,7% аз.

