Қазақстанда литийдің жаңа кен орындары барлау үшін инвесторлар тартылады

Қазақстанда литийдің жаңа кен орындары барлау үшін инвесторлар тартылады

Шығыс Қазақстанда литийдің жаңа кен орындарын барлау үшін инвесторларды тарту керек. Премьер-Министр бұл облысты дамыту бойынша өткізген кеңесте осындай тапсырма берді. Әлихан Смайылов келтірген деректерге сай қазір осы өлкеде мемлекеттің меншігінде тұрған литийдің 6 кеніші бар. Барланбаған кен орындары бұдан да көп. Үкімет басшысы электромобиль өндірісінің қарқын алуына байланысты литий металын игеру аса өзекті екенін айттады. Сирек кезігетін металдың негізгі тұтынушыларының бірі Қытай және басқа да Азия нарықтары өңірге жақын орналасқан. Айта кетейік, қазір аймақтағы өнеркәсіп өндірісінің 70%-ке жуығын тау-кен металлургия саласы құрайды. Сондықтан жауапты  тұлғалардың алдында аталмыш сектордың басқару жүйесін тез арада жаңғырту міндеті тұр. Өңірдің географиялық орналасуы көлік-логистикалық бағытты дамытуға қолайлы. Әлеуетті арттыру үшін қазірдің өзінде ұзындығы 768 шақырымдық «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» және 415 шақырым «Майқапшағай – Қалбатау» автожолдарын қайта жаңғырту жобалары жүзеге асырылып жатыр. Алдағы уақытта ұзындығы 195 шақырым «Өскемен – Семей» және 130 шақырымдық «Өскемен – Ресей шекарасы» бағыттарын күрделі жөндеу жоспарланып отыр.