Үкімет жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелерін қарады

Үкімет жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелерін қарады

Маман даярлау сапасын одан әрі арттырып, жоғары оқу орындарының студентті оқыту сапасы үшін жауапкершілік тетіктерін енгізу. Премьер-Министр Асқар Мамин салалық ведомствоның алдына осындай міндет қойды. Үкімет отырысында айтылған мәліметке сәйкес, елімізде сапасыз білім берген 15 университет жабылды. «Түлектердің білім деңгейі нарық пен жұмыс берушілердің талаптарына сай болуы тиіс.

Төртінші өнеркәсіптік революция мен жаппай цифрландыру мүлде жаңа тәсілдер мен дағдыларды талап етеді. Өмір бойы оқу қағидатын енгізген жөн», – деді Асқар Мамин. Сондай-ақ Премьер-Министр 20 мықты өңірлік жоғары оқу орындарын құру бойынша қаржыландыру мәселелерін пысықтауды, Петропавл мен Шымкентте Назарбаев Университеті үлгісінде екі жоғары оқу орнын ашуды, жастарды ғылымға белсенді тарту жөніндегі нақты шаралармен ғылым мен жоғары білімнің бірыңғай цифрлық платформасын құру мәселесін пысықтауды тапсырды.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

- Білім және ғылым министрлігіне Білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар мен индикаторларды қарастыру, қаржы, ұлттық экономика министрліктерімен, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, биылғы 22 қарашаға дейін жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған жол картасын пысықтау және Үкіметке енгізуді тапсырамын!

Авторы: Ақзер Сегізбай