Президент теміржолшыларға арналған қолжетімді баспана салу бастамасын құптады
Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма
төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдап, өткен жылы атқарған жұмыстарымен
танысты. Ұлттық компания 2025 жылы тарифтік жүк айналымын 10 пайызға арттырып,
оны 289 млрд тонна-шақырымға жеткізіпті. Ал тасымалданған жүк 320 млн тоннаға
жеткен. Оның 89 млн тоннасы экспорттық үлесінде. Жүк транзиті 20 пайыздан
артып, 33 млн тоннаға жетіпті. Былтыр пайдалануға берілген Достық-Мойынты темір
жолының екінші желісі арқылы 6 млн тонна, яғни 100 мың вагоннан өткен. Алматы
бекетін айналатын темір жолдағы техникалық қозғалысқа да рұқсат берілді. Қазір
теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жүріп жатыр. Оның ұзындығы 3900 шақырымды
құрайды. «Қазақстан темір жолы» біртіндеп цифрландыруға өтуде. Өз кезегінде
Президент әлеуметтік мәселелерді шешудің маңыздылығын атап, теміржолшылар үшін
қолжетімді баспана салу бастамасын құптады. Әрі трансформациялауды жалғастырып,
ірі шетелдік компаниялармен ынтымақтастықты нығайтуды тапсырды.

