Қазақстан мен Беларусь Премьер-Министрлері келіссөз жүргізді
Олжас Бектенов Минск қаласында Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченкомен келіссөздер жүргізді. Екі елдің үкімет басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, бидайды терең өңдеу, құрылыс индустриясы, көлік, айти, туризм салаларындағы жобалар қаралды. Өнеркәсіп кооперациясы мен ауыл шаруашылығындағы серіктестік те пысықталды. Келіссөздер нәтижесінде тараптар Қазақстан мен Беларусь үкіметтері арасындағы бірлескен жобалар пулын толықтыруға келісті. Сондай-ақ, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жол картасына қол қойылды.

