«Елдесу және татуласу» жобасы жүзеге асырылады
Ассамблея жиынында Президент құзырлы орган басшылары мен әкімдерге
Ассамблеяның этномедиация саласындағы жұмысына жан-жақты қолдау көрсетуді
міндеттеді. «Елдесу және татуласу» жобасының ауқымы кеңейіп, алдағы екі жылда
бүкіл елге таратылады. Этносаралық және
конфессияаралық қатынас мәселесін ешқашан саясат немесе түрлі арандату құралына
айналдыруға болмайтынын ескертті. Медиация қызметі азаматтардың дау-жанжалдарын
шешу барысында ымыраға келуге бағыттайды. Қоғамдағы құқықтық мәдениеттің
деңгейін арттырады.

