Психологтар туралы заң қабылданды

Психологтар туралы заң қабылданды

Енді арнайы жоғары білімі жоқ,  мемлекеттік бірыңғай реестрге тіркелмеген адам өзін «психолог» деп атай алмайды. Президент «Психологиялық қызмет туралы» заңға қол қойды. Енді адамның сана-сезімімен  кім-көрінгеннің жұмыс істеуіне жол берілмейді. Тіпті «Психо-коуч», «психо-кеңесші» атауларын қолдануға да шектеу қойылады. Ал көңіл-күйіңізді, ішкі сезіміңізді жарнамада көрсеткеніндей қалыпқа келтіре алмаса, ақшаңызды қайтаруға міндетті. Оған қоса психологқа айтылған мәліметтер клиенттің жазбаша келісімінсіз жарияланбау керек. Қабылдау кезінде рұқсатсыз бейне немесе аудио жазба жасағандар жауапқа тартылады. Психологтың біліктілігі туралы ақпарат мемлекеттік реестрде жарияланады, - дейді мамандар.