Атыраулық ұстаздар шетелден тәжірибе алып қайтты
Оқыту тәсілін жетілдіру ұстаздың үздіксіз ізденісін талап етеді. Осы мақсатпен Атырау облысының бір топ мұғалімі Ресейдің Астрахань қаласына барып, біліктілігін арттырды. Олар көпмәдениетті ортада сабақ берудің жаңа әдістерін меңгеріп, әріптестерінің тәжірибесімен танысты.
Бір апта бойы
атыраулық ұстаздар білімін толықтырып, әріптестерімен тәжірибе алмасты. Олар
Астраханьдағы «Платформа» білім беру институтында дәріс тыңдап қана қоймай,
алған білімін тәжірибелік сабақтарда шыңдады. Бағдарлама Каспий Құбыр
Консорциумының қолдауымен ұйымдастырылды. Оқу соңында қатысушыларға арнайы
сертификаттар табысталды.

