Бәрі оқырмандар үшін: Кітапханалар 24/7 режиміне көшіп жатыр

Бәрі оқырмандар үшін: Кітапханалар 24/7 режиміне көшіп жатыр

Бәрі оқырман үшін – Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар саны артып келеді. Бұған дейін шаһарда 24/7 режимінде қызмет көрсететін 5 кітапхана болса, енді қатарға тағы екеуі қосылды. Әрі, 1-ақпаннан бастап тағы екі кітапхана осы форматқа өтті. Сондай-ақ, барлық кітапханалар автоматтандырылған жүйеге қосылған.

Зарина Досжан, Alatau Creative Hub кітапханасының кітапханашысы:

- Біздің кітапхана жүйесінен көптеген аппараттар қойылып жатыр. Оның ішінде осындай өзіне өзі қызмет көрсету, автономды станциялар, кітап өткізу станциялары, кітап алу станциялары. Бұл дегеніміз кітапханашының көмегінсіз кітап алып, қайтаруға мүмкіндік береді.

Жалпы Алматы кітапкеміргіштер қаласы деп те аталады. Өйткені шаһарда шамамен 30-дан астам дәстүрлі кітапхана жұмыс істейді. Әрине, оның 95 пайызы жаңғыртылған. Қазір бесеуі тәулік бойы жұмыс істеп келеді.

Қалалық кітапханалар қорында шамамен 1,5 миллион кітап бар. Жыл сайын 3 миллионнан астам адам кітапхана қызметін пайдаланады.

Ләззат Спатаева, Алматы қаласы Орталықтандырыған кітапхана жүйесі директорының орынбасары:

- 2025 жылы 2 жаңа кітапхана аштық ол Наурызбай және Бостандық ауданында. Бүгінгі күнде кітапхана жүйесінде 3 кітапхана 24/7 кестесі бойынша жұм істейді. Ақпан айынан бастап тағы екі кітапханамыз осы кестеге ауысайын деп тұр.

Қалада 32 автономды кітапхана бар. Олар метро бекеттерінде, ірі сауда орталықтары мен халыққа қызмет көрсету орындарында орналасқан. Әрқайсысы айына шамамен 500 кітап беріп, 300 оқырманға қызмет көрсетеді.

Гүлзат Сақ, Тілші:

- Автоматты пайдалану үшін оқырман билеті қажет. Билетті сол жердегі кітапхана қызметкерінен де рәсімдеп алуға болады. Барлық қызмет тегін. Ол үшін картаны тигіземіз.  Өзімізге қажетті кітапты таңдау үшін кітаптар тізіміне кіріп өзімізе қалаған кітапты таңдап алуға болады. Автомат өтінішті тіркеп, кітапті шығарып береді. Кейін бұл кітаптарды кітапханаға да, құрылғыға да қайтаруға болады. Қолдану мерзімі 14 күн.

Өткен жылы кітап қорының 70 пайызы цифрландырылған. 2027 жылдың соңына дейін барлық кітаптар толық цифрлық форматқа көшірілеп бітуі тиіс. Қаланың 10 кітапханасында көзі нашар көретін және зағип жандарға арналған арнайы аймақтар бар. Солардың бірінде 20 жылдан астам тәжірибесі бар Асыл оқырмандарға көмектеседі.

Асыл Ажибеков, Alatau Creative Hub кітапханасының инклюзия аумағының қызметкері:

- Көзі мүлдем көрмейтін адамдарға бірден брайл қарпімен яғни қолменен ұстап оқитын әріптермен мәліметті басып шығарып береміз. Екіншіден дыбыстандырылған арнайы керек құрал жаб жабдықталған компьютер арқылы өзі отырып мәлімет алуға мүмкіндік береміз. Үшінші қолымен өзі алып келген лқи алмайтвн кітаптарды дыбыстандырып оқып беретін арнайы құралымыз бар.

Бүгінде Қазақстанда 4 мыңға жуық жалпыға қолжетімді кітапхана бар. Оның мыңнан астамы автоматтандырылған заманауи жүйеге көшкен.