ҰБТ-2026: 240 мың талапкер тест тапсырады

ҰБТ-2026: 240 мың талапкер тест тапсырады

ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне қарағанда, биыл тестілеуге шамамен 240 мың талапкер қатысуға өтініш білдірген. Олардың ішінде 73%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілін таңдаса, 521 адам ағылшынша сынақ тапсыруды қалаған. Талапкерлер көбі «Математика-Физика», «Биология-Химия», және «Шығармашылық емтиханды» таңдаған. Тестілеу науқаны 10 мамырда басталып, 10 шілдеге дейін жалғасады. Биыл ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады. Яғни, екінші рет сынақтан өтуіне құқығы бар. Ал келесі жылы тестілеуге өзгерту енгізіледі. Сондай-ақ, педагогикалық мамандықтарға түсу шарттары күшейтіледі. Foundation бағдарламалары арқылы шартты қабылдаудан біртіндеп бас тарту жоспарланып отыр. Мұндай өзгерістер талапкерлерді сапалы іріктеуге және пән таңдауына саналы қарауға бағытталған.