Қазақстанда ғылым қалашықтары құрылады
Қазақстанда ғылым қалашықтары құрылады. Олар
ғылыми-технологиялық парктер форматында дамиды. Мәжіліс тиісті заң жобасын
екінші оқылымда мақұлдады. Яғни, ғылым қалашықтары ғылымды қажетсінетін
технологиялар мен инновацияларды дамытуға жағдай жасалатын елді мекендердегі
жоғары оқу орындары, ғылыми институттар мен өндірісте ғылыми әзірлемелерді
енгізген кәсіпорындар базасында жүзеге асырылады. Сондай-ақ, олардың басқару
және қаржыландыру тетіктері, сондай-ақ қызметін бақылау және мониторинг жүргізу
тәртібі айқындалады. Мұндай аумақтар үшін қолдаудың тұтас пакеті де
қарастырылған.

