Президент білім беру сапасын арттыруды жүктеді

Президент білім беру сапасын арттыруды жүктеді

Су жаңа Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға да Президент білім беру сапасын арттыру бағытында міндеттер жүктеді. Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен ұлттық жобаларды тиімді іске асырудың маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, саладағы өзекті мәселелерді уақытылы шешуді, азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнатуды тапсырды.