Amazon алғашқы интернет-спутниктерін ұшырды
Амазон алғашқы интернет-спутниктерін орбитаға ұшырды. Осылайша компания Илон Масктың Starlink жүйесімен бәсекелеспек. Амазонның жобасы Kuiper деп аталады. Осы жоба аясында Atlas V атты зымыран тасымалдаушы 27 спутникті ғарышқа алып ұшты. Алдағы жылдары Амазон дәл осындай тағы 3200-ден астам жерсерікті ұшыруды көздеп отыр. Айта кетейік, SpaceX компаниясы алғашқы интернет-спутниктерін 2019 жылы ғарышқа жөнелтті. Қазір орбитада компанияға тиесілі 6700-ден астам аппарат бар.

