«Келешек мектептері»: Маңғыстауда биыл 9 мектеп пайдалануға беріледі

«Келешек мектептері»: Маңғыстауда биыл 9 мектеп пайдалануға беріледі

«Келешек мектептері» жобасы аясында Маңғыстау облысында 2024 - 2025 жылдарға - 13 мектептің құрылысы жүргізілді. Биыл 4 мектеп пайдалануға берілді. Ал қалған 9 мектеп жыл соңына дейін беріледі. Жаңа білім ордалары керектінің бәрімен қамтылған. Балалардың шығармашылығын дамыту үшін STEM зертханалары, визуалды дизайн және хореграфия кабинеттерімен, бос уақытын тиімді пайдалану үшін садақ ату, би, робототехника, тоғызқұмалақ тағы басқа үйірмелер бар. 

Бұл «Келешек мектептері» жобасы аясында қолданысқа берілген Ақтаудағы №31 мектеп. Ішіне кісі кірсе шыққысыз, керектінің бәрімен қамтылған. Ұстаздардар әр оқушының шамшырағын жағып, пәнге деген қызығушылығын арттыруда түрлі тәсіл қолданады. Мәселен дәл қазір мұнда бесінші сыныптың «Көркем еңбек» пәні жүріп жатыр. Оқушылар тамақтану мәдениетін меңгеруде. Дәл осы сабақты балалар тереңірек меңгеруі үшін кабинет толықтай керекті техникамен жабдықталған. 

Гүлнұр Алпамысқызы, №31 мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі: 

- Қолмен жасаған бәрібір де өзгеше болады. Балалардың қызығушылығы күшті. Телефоннан, теледидардан біздің пән арқылы үзіліс жасап. Қолмен әр затты ұстап тігін болсын, тағам болсын дайындап үйреніп жатыр. 

Дәл осы №31 мектепте 25 ерекше бала білім алады. Олардың 21-і бастауыш сыныпта. Олармен логопед, дефектолог және психолог мамандар жұмыс жасайды. Ерекше білімді қажет ететін оқушылар үшін білім ордасында сенсорлық, инклюзивті білім беру кабинеттері заманауи үлгіде жабдықталған. 

Малика Шахизат, №31 мектептің дефектолог-мұғалімі: 

- Сабақ барысында педагог асистенті сүйемелдеп отырады. Басқа балалар педагог асистентті қажет етпейді. Өздері барлық команданы біледі. Бастапқы білімі қалыптасқан. 

Мектепте 53 заманауи пән кабинеттерімен жабдықталған. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектепте садақ ату, би, робототехника, тоғызқұмалақ және басқа да спорттық үйірмелер жұмыс істейді. Жалпы Маңғыстау облысында «Келешек мектептері» аясында ашылған білім ордасының дені осындай. Жоба аясында қазіргі таңда, 4 мектеп ашылып, пайдалануға берілсе, жыл аяғына дейін тағы 9 мектеп пайдалануға беріледі.