Қазақ оқушы Google грантын ұтып алды

Қазақ оқушы Google грантын ұтып алды

Қазақстандық оқушы Google-дің грантын ұтып алды. Павлодардағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық мектептің 11-сынып оқушысы Игорь Мартынюктің жасанды интеллектке негізделген жобасы халықаралық сарапшылардың жоғары бағасын алған. Сондай-ақ, ол Y Combinator акселераторының білім беру бағдарламасына да толық жолдама алған. Вундеркинд жайында келесі материалда.

 

Игорь Мартынюк Павлодар қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық мектептің 11-сынып оқушысы. Әрі әйгілі ІТ гиганты - Google компаниясының грантын ұтып алған білімді бала. Ол адам зейінін басқаруға арналған жасанды интеллект көмекшісін әзірлеп шығарған. Жоба қолданушының күнделікті әрекеттерін саралап, тапсырмаларды жүйелеуге мүмкіндік береді. Стартапқа алғашқы инвестиция ретінде Y Combinator 35 мың АҚШ доллары құйылған.


Игорь Мартынюк, А.Байтұрсынов атындағы инновациялық мектептің 11-сынып оқушысы:

- Ол сіз үшін не істеу керектігін, не істегеніңізді, ертеңгі жоспарыңызды, тіпті 30 минут бұрын немен айналысқаныңызды жинақтап береді. Яғни барлық контексті мессенджерлерді, экрандағы әрекеттерді, жалпы сіздің немен айналысып жатқаныңызды біріктіріп, жүйелейді.


Енді жас өнертапқыш ІТ бойынша тегін білім алуға мүмкіндік алып отыр. Оның жасына қарамастан Y Combinator акселераторы оған ерекше жағдай жасап, YC Startup School бағдарламасына қатысуын толық қаржыландырмақ.


Игорь Мартынюк, А.Байтұрсынов атындағы инновациялық мектептің 11-сынып оқушысы:

- Мен Орталық Азиядан мұндай мүмкіндікке ие болған алғашқы оқушы болдым. Жазғы мектептен кейін жақсы нәтиже көрсетсем, стартапым дамып жатса, олар күзгі толық бағдарламаға шақыруы мүмкін. Ол жерде жарты миллион доллар инвестиция беріледі.