Келешек мектептері: 1200 орындық жаңа мектеп ашылады

Келешек мектептері: 1200 орындық жаңа мектеп ашылады

Биыл Павлодарда 1200 орынға шақталған жаңа заманауи мектеп ашылады. Оқу ордасы «Келешек мектебі» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген. Негізгі құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Қазір ғимаратқа жаңа жиһаздар, цифрлық құрылғылар мен интерактивті технологиялар жеткізіліп жатыр. Мектеп 11-сыныпқа дейінгі барлық оқушыларға толыққанды білім беруді қамтамасыз етеді. Білім ордасы инклюзивтілік пен жалпыға бірдей қолжетімділік қағидаттарына сай жобаланған. Ғимарат пандуспен, лифтпен, тактильді бағыттағыштармен, жарықтық белгілермен, сондай-ақ сахнаға арналған арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталады.