Цифрлық қауіпсіздік: Жеке деректер заңмен қорғалады
Енді виртуалды әлемдегі қауіпсіздігімізге мемлекет кепілдік береді. Конституциямызға арнайы норма енгізілді. Бұған қоса, «Жасанды интеллект туралы» жаңа заң қабылданды. Сондықтан ғаламторда адамды алдап-арбайтын, санасын улайтын немесе рұқсатсыз жеке мәлімет жинайтын ақылды жүйелердің жұмысына тыйым салынады. Енді кез келген бағдарлама, ең алдымен, адамның құқығымен санасуы тиіс.

