Білім мен ғылымның қарашаңырағы

Білім мен ғылымның қарашаңырағы

Жаңа Конституцияның кіріспесінде адами капиталды дамыту, білім беру, ғылым және инновациялар елдің стратегиялық басым бағыттары ретінде белгіленген. Қызылордадағы іргелі оқу орны Қорқыт ата атындағы университ осы бағытта ауқымды жобалар жүзеге асырып келеді. Тоқсан жылға жуық тарихы бар білім мен ғылымның қарашаңырағынан биыл 2600-ден астам түлек қанат қақты.

Қорқыт ата университеті жоғары оқу орындары сұранысының тәуелсіз рейтингінде 7-ші орынға ие болды. Бұдан бөлек 31 мамандық бойынша республикада  үздік үштікте.  Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын қамтитын халықаралық көрсеткіште де бәсі биік.