«Болашақ» стипендиаттарының шәкіртақысы өседі

«Болашақ» стипендиаттарының шәкіртақысы өседі

«Болашақ» стипендиаттарының шәкіртақысы өсуі мүмкін. «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының ақпаратына қарағанда, бұл мәселе қазір талқылануда. Егер шешім қабылданса, стипендия мөлшері 10–15%-ға артуы тиіс. «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы төрағасының орынбасары Абай Рахметтің айтуынша, соңғы 15 жылда мемлекеттік бағдарламамен оқып жатқан студенттердің шәкіртақысы көтеріліп келген. Дегенмен, өсім мөлшері елге және қалаға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, Нью-Йоркте оқитындар шамамен 2,2 мың доллар алады. Бірақ бұл сол елдің инфляциясымен салыстырғанда аз болып саналады. Ескеретін бір жайт, шәкіртақы «Болашақ» бағдарламасы ішіндегі шығындарды үнемдеу есебінен көбейтіледі. Кеше Мәжілісте Жоғары аудиторлық палата 7 млрд теңге көлеміндегі стипендия талаптарға сай келмейтін үміткерлерге берілгенін айтқан болатын.