Ғылыми саясатты жетілдіруді көздейтін реформалар жалғасады
Елімізде AI-Enabled университеті
іске қосылады. Жаңа типтегі бұл оқу орнында білім мен өндіріс процесіне жасанды
интеллект қолданылады. Инновациялық кластерлер мен ғылым қалашықтары, ғылыми-өндірістік аймақтар құрылады. Бұл
туралы Ақордада Саясат Нұрбек Мемлекет басшысына баяндады. Жаңа жобада жоғары
оқу орындары мен облыс әкімдіктерінің өзара байланысына ерекше мән беріледі.
Бұл технологиялық міндеттер мен келешегі зор бағыттарды анықтауға жол
ашады. Президент жоғары білім сапасын
арттыру, ғылыми зерттеулерді дамыту және оларды коммерцияландыру, инновациялық
қызметті ынталандыру, инфрақұрылым мен шетелдік университет филиалдарының
жұмысын жетілдіру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Бұл бағытта біз не істеп жатырмыз? Біріншіден: Білімді
бағалаудың жаңа моделіне көшу арқылы мектептен бастап, өндіріс саласына дейінгі
барлық кезеңді қамтитын адами капиталды басқарудың тұтас жүйесін
қалыптастырамыз. Екіншіден Конституциялық мәдениетті қалыптастыруға басымдық
берілуде. ЖОО-дағы барлық білім беру бағдарламалары жаңартылатын болады.

