Президент Оқу-ағарту министрін қабылдады
Оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай қайта
жазылады. Бүгін Президент қабылдауында болған Оқу-ағарту министрі Жұлдыз
Сүлейменова осылай деді. Саладағы цифрландыру жұмыстары қарқынды. 240 мыңнан
астам мұғалім жасанды интеллектіні қолдану бойынша қайта даярлаудан өтті. 6760
мектепке «Әлеуметтік әмиян» жобасы енгізілген. Дипломдар, аттестаттар мен
анықтамалар цифрлық форматқа көшірілді. Ал, «Ұстаз» платформасы педагогтерді
аттестаттау үдерісін толығымен автоматтандыруға жол ашады,-деді министр. Қасым-Жомарт
Тоқаев білім беру сапасын арттыру жөнінде тапсырма беріп, Qazaq Digital Mektebi
жобасын іске асыру бойынша бірқатар міндет жүктеді.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Білім беру стандарттарына іргелі пәндерге басымдық бере
отырып, мазмұны қайта қарастырылуда. Атап айтқанда, Қазақстан геграфиясы пәні
8-9-шы сыныпта екіс сағатпен қайта енгізілетін болады. жалпы, білім мазмұны
жетілдіріліп, оқулықтарымызға кешенді сараптама жүргізілуде. 2025 жылғы
1-маусымнан бастап, бірыңғай мемлекеттік тапсырыс бойынша қосымша білім беруде
пилоттық бағдарлама жүзеге асырылуда.

