«Болашақ» бағдарламасымен оқу үшін қазтест талаптары қиындайды

«Болашақ» бағдарламасымен оқу үшін қазтест талаптары қиындайды

«Болашақ» бағдарламасымен оқу талаптары күшейтіледі. Ғылым және жоғары білім министрлігі осындай шешім қабылдаған. Яғни, енді талапкер ағылшын тілімен қатар қазақ тілін де жақсы білуі тиіс. Бүгін Мәжілісте осы мәселе бойынша да министрге депутаттар тарапынан қойылған сұрақтар көп болды. Айталық, қазақша білмейтін кейбір түлектер ҚАЗТЕСТ-тен оңай өтіп, жоғары стипендияны қалай алып келді деген сұрақтар қойылды. Жоғары аудиторлық палатаның тексеру қорытындысына қарағанда, 7 млрд теңге осылай стипендияға таратылып келіпті. Өз жауабында Саясат Нұрбек қазақ тілін білу талабы ең жеңіл деңгейден орташа деңгейге көтеру шарасы қарастырылып жатқанын айтты. Оған қоса, енді экономиканың басым бағыттарына қажет маман даярлауға көңіл бөлінеді. Жасанды интеллектіге жылына 100, ал атом энергетикасына 20 стипендия қарастырылады. Ең негізгі 15 шақты бағыт қалдырылып, өзге мамандықтар жыл сайын қысқара бермек.