Кәсіпорындар да жасанды интеллектке көшіп жатыр

Кәсіпорындар да жасанды интеллектке көшіп жатыр

Ірі кәсіпорындардың басқару жүйесі де жасанды интеллектке қосылып жатыр. Тіпті ол үшін арнайы  Жол картасы бекітілген. Бұл жайында бүгін Өнеркәсіпті цифрландыру мәселелері бойынша өткен Demo Day жиынында айтылды. Demo Day-дің мақсаты – Қазақстан кәсіпорындарында қолданылып жатқан жасанды интеллект саласындағы практикалық шешімдерді көрсету. Қазір елдегі барлық сала жаппай сандық форматқа ауысып жатқанымен, жасанды интелекті енгізген өндіріс орындары саусақпен санарлық қана. Мәселен, былтыр кәсіпорындарды цифрландыру деңгейі 19 пайызды құраса, биыл осы көрсеткішті 23 пайызға дейін көтеру міндеті тұр. Енді осы 19 пайыздың ішінде тек оншақты нысанда ғана жасанды зейін жұмыс істеп жатыр. Demo Day жиынында жүйені жетілдіру, қолдану тетіктері талқыланды. Оған жауапты ведомства өкілдері мен өнеркәсіп қызметкерлері және ІТ сала мамандары қатысты.