Алматылық оқушылар NASA байқауында топ жарды

Алматылық оқушылар NASA байқауында топ жарды

Қазақстандық оқушылар халықаралық аренада тағы бір мәрте ел абыройын асқақтатты. Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің екі командасы NASA ұйымдастырған Space Settlement Contest сайысында жүлделі орындарға ие болды. Ғарыш кеңістігінде адамзаттың өмір сүру мүмкіндігін зерттейтін бұл беделді байқауға биыл 25 елден 26 мыңнан астам оқушы қатысқан. Жас дарындармен біздің тілшіміз тілдесіп қайтты.