Биыл 89 мың білім гранты бөлінді
Енді мұғалімдер өз оқушыларына ақылы репетитор бола алмайды. Биылғы оқу жылын қорытындылаған Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова осылай деді. Жауаптылар қосымша білім беру нарығына өзгеріс енгізбек. Нақтырақ айтсақ, репетитордың жұмысы, салығы, бала мен ата-ана алдындағы жауапкершілігі қайта қаралмақ. Бұдан бөлек, балалардың каникул кезіндегі қауіпсіздігіне, әлеуметтік желідегі зиянды контентпен күреске ерекше көңіл бөлініп отыр. Мамандар жыл басынан бері заңсыз ақпаратты қамтитын 7 мыңға жуық интернет ресурсты бұғаттапты.

