Қазақстанның білім беру технологиялары Әзербайжан нарығына шықты

Қазақстанның білім беру технологиялары Әзербайжан нарығына шықты

Қазақстандық білім беру технологиялары халықаралық деңгейге шықты. «Жайлы мектеп» жобасында сынақтан өткен заманауи шешімдер енді Әзербайжан мектептеріне енгізілмек. Бұл бағыттағы әріптестік Бакуде талқыланды. Отандық ATON+ өндірістік компаниясы әзербайжандық әріптестеріне білім беру саласындағы жаңашылдықтарын таныстырды. Олардың арасында цифрлық кабинеттер, заманауи зертханалар, мобильді компьютерлік сыныптар мен инклюзивті білім беру жобалары бар.