232 жаңа мектеп ашылады
Елімізде 232 жаңа мектеп салынып жатыр. Онда 267 мың оқушы білім алады. Биыл 157 мың балаға арналған 105 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның 71-і «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған. Жалпы ұлттық жоба шеңберінде 217 заманауи мектеп ашу жоспарланса, оның 40%-дан астамы ауылдық жерлерде ашылады. Жаңа білім ошақтарының басым бөлігі Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында бой көтереді. Бұл мектептер бұрынғы мектептерден үлкенірек және техникалық жабдықталуы төрт есе жоғары. Әр мектепте робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, спорт залдары мен коворкинг аймақтары қарастырылған. Оқу-ағарту министрлігі сонымен қатар елде 1000 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, жиһаздар, кітапханалар, асханалар мен қауіпсіздік жүйелері жаңартылып жатқанын хабарлады.

