Қазақ ғалымдарының жалақысы өседі
Елдегі барлық ғалымдардың жалақысы өседі. Ғылым және жоғары білім
министрлігі осындай шешім шығарып, еңбекақы есептеу жүйесін жаңартқалы отыр.
Оған сәйкес, ғалымдардың жалақысы шамамен 25% артуы тиіс. Мысалы, 300 мың теңге
алып жүрген ғалымның жалақысы енді 432 мың теңге болмақ. Ал 25 жылдан артық
еңбек өтілі бар ғалымдар, бүған көбіне профессорлар жатады, олардың алатыны 1
млн 400 мың теңгеге дейін барады. Бұдан бөлек, ғалымдардың белсенділігіне
байланысты 47 мыңнан 522 мың теңгеге дейін қосымша ақы төлеу жағы да қаралған.
Ол бірнеше көрсеткіш бойынша есептеледі. Яғни, соңғы 5 жылдағы ғылыми
еңбектері, жоғары оқу орындарында сабақ беруі, бейіні бойынша докторлар
даярлауы және ғылыми жұмыстарының нәтижесін өндіріске енгізуі де ескеріледі.
Бұл түзетулер Жоғары аудиторлық палатаның ұсынысымен жасалған. Бүгінгі таңда
Қазақстанда 25 мыңнан астам ғалым бар, олардың жартысы - 40 жасқа дейінгі жас
ғалымдар.

