Технологиялық колледжі – білікті мамандар ұстаханасы
Кешегі түлек – бүгінгі ұстаз. Бір кездері өндірісте қызмет атқарған
тәжірибелі мамандар Сәтбаев қаласындағы Технологиялық колледжге оқытушы болып
оралып жатыр. Бастамаға «Қазақмыс» корпорациясы қолдау көрсетеді.
Қазыбек Алпысбаев - Кеншілер қаласындағы Технологиялық колледж түлегі. Ол
«Қазақмыстың» өндіріс орындарында бұрғылаушының көмекшісі, кен шебері, телім
басшысы қызметтерін атқарған. Кейін жүрек қалауымен ұстаздық жолға бет бұрды.
Қазір өзі түлеп ұшқан оқу орнында өндірістік оқыту шебері ретінде студенттерге
еңбек қауіпсіздігінің қыр-сырын түсіндіреді.

