Бүлдіршіндер мектеппен танысты
Бүгін елордада балабақша бүлдіршіндері мектеп
табалдырығын алғаш рет аттап, білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты.
«Болашақ оқушымен танысу күні» аясында олар сыныптарды аралап, ұстаздармен
жүздесіп, білім әлемінің есігін ашты. Кішкентай қонақтар үшін бұл күн несімен
есте қалды? Тілшіміз баяндайды.
Мына қаз-қатар тізіліп қадам басып келе жатқан
бүлдіршіндер -балабақша түлектері. Бүгін олар үшін ерекше күн. Өйткені
кішкентайлар алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, болашақ білім ордасымен
танысады. Мұндай шаралар бүлдіршіндердің жаңа ортаға тез бейімделуіне және
оқуға деген қызығушылығының артуына ықпал етеді, -дейді ұстаздар.
Оразкүл Жолдасбекова, №92 мектеп-лицейінің директоры:
- Бастауыш сыныпты бітіруші түлектер балаларды өздері қарсы алып, мектеп өмірімен таныстырып, асхана, кітапхана және өздері оқып жатқан сыныптарымен таныстырды. Тіпті сабаққа баратын бүлдіршіндерге үнемі армандайтын, портфельдеріне не салу керек +соның бәрін көрсетті. Балаларға ол өте қызықты болды. +Бұл дегеніміз балаларды мектепке деген өзінің қорқынышын сейілтіп , мектепке деген сүйіспеншілігін оятады деп кәміл сенеміз.
«Болашақ оқушымен танысу күні» аясында балалар тек
экскурсиямен шектелмей, мектептің шығармашылық және ғылыми өмірімен де танысты.
Бастауыш сынып оқушылары құрастырған роботтар көрмесін тамашалап, түрлі ғылыми
жобалар мен қолөнер жұмыстарын көрді. Бұл бүлдіршіндер үшін нағыз ғылым мен
шығармашылық мерекесіне айналды.

