«Келешек мектептері»: 8 жаңа мектеп ашылады
Алматыда келер жылы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 8 жаңа мектеп ашылады. Бұл қаладағы оқу орындарының тапшылығын азайтады. Әсіресе қарқынды дамып келе жатқан Алатау ауданындағы жүктемені жеңілдетеді. Қазір мегаполисте 35 мың оқушыға арналған 21 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Соның 13-і ашылып, 23 мың оқушы жаңа форматтағы мектептерде оқып жатыр.

