Бастауыш мектептің іргетасы қаланды

Бастауыш мектептің іргетасы қаланды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Еңбек ауылында бастауыш мектептің құрылысы басталды. Ол қыркүйек айында халық игілігіне берілуі тиіс. 50 балаға арналған нысанды ауыл азаматы өз қаржысына салып жатыр. Ал қажетті құрылғылардың барлығы бюджет есебінен сатып алынады. Еңбек – облыс орталығынан 100 шақырымдай жерде орналасқан ауыл. Бұрынырақта мұнда білім ошағы болған. Алайда бала саны күрт азайған соң жабылып, ғимараты біржола сатылып кеткен. Соның салдарынан халықта жан-жаққа үдере көшіпті. Осы күнге дейін 20-дан астам оқушы көрші ауылдарға қатынап оқуға мәжбүр болған.