Мектеп бағдарламасына тағы үш пән қосылуы мүмкін

Мектеп бағдарламасына тағы үш пән қосылуы мүмкін

Мектеп бағдарламасына тағы үш жаңа пән қосылуы мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Атырауға барған жұмыс сапары кезінде айтты. Бас мұғалімнің сөзіне қарағанда, 5–7 сыныптарда «Конституция негіздері», 8–9 сыныптарда «Заң және тәртіп» пәндерін оқыту жоспарланған. Ал жоғары сыныптарда, яғни 10–11 сынып оқушылары үшін «Құқық негіздері» пәні міндетті оқу бағдарламасына енгізілмек. Бұдан бөлек, оқушылардың білімін бағалау жүйесі де жаңартылады. Оған сәйкес, мазмұндама айту, шығарма мен диктант жазу қайтадан оқу үдерісіне енгізіледі. Педагогтар бұл оқушылардың сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды шара дейді. Негізі бұл әдістер бұрын мектепте қолданылған. Бірақ кейін алынып тасталған еді.