Ұлттық рейтингке ілінбеген университеттер қаржыландырудан қағылады

Ұлттық рейтингке ілінбеген университеттер қаржыландырудан қағылады

Енді білімі сапасыз деп танылған университеттерге мемлекеттен ақша бөлінбейді. Яғни, Қазақстанда жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі құрылмақ. Қаржылай қолдау соның нәтижесіне қарай рейтингке ілікпеген, халықаралық форматта жұмыс істемейтін, инвестиция құймайтын, зертханалар құрмайтын білім ордалары қаржыландырудан қағылмақ. Қаржыландыру тоқтатылады. Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Ғылым министрі есеп берді. Тыңғылықты атқарылған жұмыс көп болғанымен, былық та жетіп артылады екен.

Жоғары білім нарығы еңбек нарығындағы сұранысына мүлдем жауап бермейді. Қолына диплом алған азаматтардың әрбірінің үшіншісі өз мамандығымен де жұмыс істемейді. Соғана қарамастан оқу университеттер ақылы негізде түлектерді қабылдай береді. Бұл - маман даярлау емес, диплом саудасы жүретін жер дерсің. Енді Ғылым министрі Саясат Нұрбек ревизияны күшейтіп, сапа талабына сай келмеген 700-ге жуық оқу бағдарламасы жауып тастамақшы. Айтуынша, бұл соңғы тартаудың жаңа кезеңі.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Ендігі кезекте ұлттық рейтингке ілінбеген университеттер қаржыландырудан қағылады. Біз сапасыз білім беретін орындарға мемлекет қаржысын жұмсай алмаймыз. 2040 жылға қарай талапкерлер саны екі есе өседі, біз соған дайын болуымыз керек.

Ғылым министрі университеттер арасында білім беруден шын бәсекелістік арнатқысы келеді.  Рейтингтен көріне алмағандар мемлекеттік қолдаудан да қалығады. Депутат Бақытжан Базарбек білім беру жүйесіндегі лоббистік топтың барын айтып, министрге алдымен соны жоюға кеңес берді. Тіпті сол лобби жасап жүргендердің бірінің атын атады. 

Бақытжан Базарбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мәселен, «Platonus» жүйесіне техникалық қызмет көрсету тендеріне «Flowport» және «Platonus» атты екі серіктестік қатысады. Сырт көзге бұл екі компания бір-біріне бәсекелес болып көрінгенімен, шын мәнінде екеуінің де құрылтайшысы - бір адам. Олар техникалық ерекшеліктерді сондай бір шеберлікпен құрастырған деседі, нәтижесінде бұл байқауға аталған екі фирмадан өзге ешкім жолай алмайды. Бүгінде еліміздегі жоғары оқу орындарының 80 пайызы, яғни 104 университет осы «Platonus» жүйесіне байланған. Ендігі сұрақ: «Platonus» жүйесінің сойылын соғып, оны осыншалықты ілгерілетіп отырған кім?

Сонымен, жоғары білім жүйесінде не өзгеретін болады? 2040 жылға қарай талапкерлер саны екі есеге артады деп күтілтіп те отыр. Оған дайындық бірінші білім беру сапасын арттыруда болса, екінші жатақхана мәселесі шешілуі тиіс. Әйтпесе, 40 мың студент пәтер жалдап, жайсыздың күйін кешіп жүр. Тағы «Оқу бағыттарының 40 пайызын жаңарту» жоспарына енгізілмек. 

Тілеген Каскин, ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі:

- Баспанамен қамтамасыз ету деңгейі бұрын белгіленген 70% бағдардан едәуір төмен: Еуразия университетінде — 51,7%, Қазақ ұлттық университетінде — 56,7%. Сонымен қатар, Қазақ ұлттық университеті мен Еуразия университетінде әкімшілік қажеттіліктерге автокөлік сатып алуға 133 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған.

Тағы бір басты проблема – мемлекеттік тапсырыстың жоспарлауында. Депутат Дания Еспаеваның айтуынша соңғы екі жылда 24 мың студент оқудан қуалыған. Олардың есетінен мемлекетке келген шығын 20 млрд теңге жуықтаған. Енді қаржының қайтарымын кімнен болады деген сұрақ ашық тұр.

Дания Еспаева. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бүгінгі таңда біздегі гранттарды бөлу жүйесі нарықтың нақты қажеттілігіне емес, университеттердің сұранысына қарай бейімделген. Салдарынан әрбір үшінші түлек өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Ең өкініштісі — соңғы екі жылда 24 мың студент оқуын аяқтамай шығып кеткен. Бұл адамдардың біліміне мемлекет 19,6 миллиард теңге бөлген. Бұл ақшаның қайтарымы қайда? Біз маман емес, тек диплом иелерін даярлап жатқан сияқтымыз. Сондықтан мемлекеттік тапсырыстың тиімділігін түбегейлі қайта қарау қажет.