Мектеп директорларына кеңес: бәрін бейбіт шешудің жолдары
Егер мектепте қандай да бір себеппен дау шыққан жағдайда, оны бейбіт жолмен қалай шешу қажет? Өгізді де, арбаны да сындырып алмас үшін. Мұндай кризисте мектеп директорының әрекеті қандай болуы тиіс? Алматыда алғаш рет өткен «Медиация мектебі» атты семинар өтіп, осындай кейстер талқыланды. Оған шамемен 200 мектептің басшысы қатысқан.
Болат Жанайхан - семинардың түлегі. Өз мектебінде арнайы кабинет ашып, оқушылар мен мұғалімдерге жанжал туған жағдайда оны қалай бейбіт жолмен шешудің әдісін үйретуді мақсат етіп отыр.
Болат Жанайхан, Алматы қаласы № 202 мектеп-гимназиясының директоры:
- Ең маңыздысы мектептегі әр оқушы медиация арқылы өзінің қауіпсіз ортада білім алып, қауіпсіз ортада өмір сүретіндігін көзін жеткізе алады. Осы орайда мектепте медиациялық кабинет ашқымыз келіп жатыр. Адвокат, заңгер, прокурор біз сол адамдарды мектепке тартуымыз керек. Мастер класс өтк болса өз тәжіриб бөліссе ол балаларға ой салады.
Жанділдә Жақыпов құқық қорғау саласында 25 жыл тәжірибесі бар кәсіби медиатор. Осы жылдар ішінде ол 3 мыңға жуық дауды бейбіт жолмен шешіп, тәжірибесін мектептерде балалар мен ересектерге үйретіп жүр.
Жанділдә Жақыпов, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы
- Бала менің аяғымды шалып жіберді деуі мүмкін. Шалып жіберсе де жіьермесе де дау туындап кетеді. Кейде мектептегі балалар екі топқа үш топқа бөлініп немесе мектепке жаңадан келген бала болса оның арачында кикілжің пайда болуы мүмкін.
Алдағы уақытта медиаторлар жобаға студенттерді де қосуды жоспарлап отыр. Себебі медиация тек дауды шешу құралы ғана емес, болашақ көшбасшыларды тәрбиелеудің тиімді жолы. Әр оқу орнында өткізілетін тренингтер жастарға дауды заңға сай шешуге үйретіп, тәжірибе жинауға көмектеседі.

