Бұдан былай түлектер ҰБТ-ны бір рет тапсырады
Қазақстандағы Ұлттық бірыңғай тестілеу тағы да трансформациялануы мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, келер жылдан бастап мұғалім мамандығын таңдаған түлектер ҰБТ-мен қатар ауызша емтихан тапсыруға міндеттеледі. Өйткені «педагог» үлкен жауапкершілікті арқалайтын мамандық, сондықтан болашақ ұстаздармен бетпе-бет тілдесу өте маңызды. Бағалау кезінде халықаралық сарапшылармен бірлесіп әзірленіп жатқан Admissions Insight Test тапсырмалары қолданылмақ. Сонымен қатар, Үкімет ҰБТ-ны бірнеше рет тапсыру жүйесін алып тастауды қарастырып жатыр. «Бұл грант конкурсына қатысу үшін объективті әрі ең басты баға ретінде қарастырылуы тиіс. Сонымен қатар білім деңгейін өзін-өзі бағалау және дайындық әдістерін уақытылы түзету үшін сынақ тестілеу жүйесі сақталады», - дейді министр.

