Химиядан халықаралық олимпиада

Химиядан халықаралық олимпиада

Ұлытауда химиядан Қаныш Сәтбаев атындағы халықаралық олимпиада басталды. Білім бәйгесіне еліміздің әр өңірінен және шетелден бас-аяғы 82 оқушы қатысуға келген. Биыл тұңғыш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылған зияткерлік дода жас ғалымдардың жаңа буынын қалыптастыруды көздейді. Оны жүзеге асыруға Қазақмыс корпорациясы мен «The Ulytau Educational Foundation» қайырымдылық қоры үлес қосып отыр.