360 мыңнан астам бала алғаш мектеп табалдырығын аттады

360 мыңнан астам бала алғаш мектеп табалдырығын аттады

Бүгін елімізде 360 мыңнан астам бүлдіршін бірінші сыныпқа барды.  Олардың 70 пайыздан астамы мемлекеттік тілде білім алады. Жалпы жаңа оқу жылында 8 мыңға жуық мектеп 4 миллион оқушыны қабылдады. Оларға 412 мыңнан астам педагог білім береді. Сондай-ақ, биыл 232 мың 11 сыныпқа көшті. Елімізде 232 жаңа мектеп салынып жатыр. Құрылысы бітсе 267 мың оқушы жайлы ортада оқитын болады. Елімізде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған 1093 қолдау кабинеті бар. Онда психологтар, арнайы және әлеуметтік педагогтер, сондай-ақ педагог-ассистенттер ерекше балалардың мектеп өміріне бейімделуіне көмектеседі.