Көшпелі кітап көрмесі: Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

Көшпелі кітап көрмесі: Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

Биыл даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл. Осыған орай батырдың туған өлкесі Жамбыл облысында жыл басынан бері көптеген іс-шара өтті. Мәселен, Таразда көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты оқушыларға батыр жазушының өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыру. Көрме жұмысына Бауыржан Момышұлының қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген еңбектері, ол туралы жазылған зерттеу жұмыстары мен әдеби туындылар қойылды.